Астана қаласы әкімдігінің «№31 мектеп-гимназия»шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында

2026–2027 оқу жылында мектебімізде оқушылар үшін бірыңғай қою көк түсті мектеп формасы енгізіледі.

                                ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!

    2026–2027 оқу жылында мектебімізде оқушылар үшін бірыңғай қою көк түсті мектеп формасы енгізіледі.Бұл талап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығына (2025 жылғы 19 мамырдағы өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып) сәйкес жүзеге асырылады.

Мектеп формасына қойылатын талаптар:

-Түсі – қою көк.

-Үлгісі – классикалық стильде.

Ұл балаларға :

- пиджак, жилет, шалбар;

-ақ түсті көйлек (күнделікті және салтанатты);

-суық мезгілде – тоқыма жилет немесе ақ водолазка.

 

 

Қыз балаларға:

 -пиджак, жилет, белдемше немесе шалбар;

-ақ түсті классикалық блузка, сарафан;

-суық мезгілде – тоқыма жилет немесе ақ водолазка.

 

Назар аударыңыз:

Юбканың ұзындығы тізе деңгейінен 5 см-ден жоғары болмауы тиіс.

Шалбар кең пішілген болып, ұзындығы тобықты жауып   тұру керек…

 

 

                               ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!

     Мектеп формасына қойылған белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз. Түсіністік танытып, ынтымақтастық білдіргендеріңіз үшін  алғысымызды білдіреміз.

 

Разработано в - создание сайтов в Астане