
2025 жылғы 11 қазан күні мектебімізде «Таза Қазақстан» акциясы аясында қалалық сенбілік ұйымдастырылды. Оқушылар аумақты тазалап, қоршаған ортаның тазалығына ерекше назар аударды. Олар бірігіп, мектеп маңындағы қоқысты жинап, қоршаған ортаны жақсартуға үлес қосты. Мұндай шаралар оқушыларға экологиялық тәрбие беріп, мәдениетті әрі жауапты қоғам қалыптастыруға көмектеседі.

16 қазан күні мектебімізде 9–11-сынып оқушыларына арналған «Әкімшілік жауапкершілік» тақырыбында құқықтық түсіндіру жұмыстары өткізілді. Іс-шараға УИП ОЮП БРУП майоры Калиакпарова Г.Т. қатысып, оқушыларға әкімшілік құқық бұзушылықтың түрлері,сондай-ақ кәмелетке толмағандардың және олардың ата-аналарының жауапкершілігі туралы маңызды ақпарат берді.


09.10.2025 Әр оқушы басқа оқушыға шоколад сыйлай алады. Шоколадтың сыртына аты-жөні мен сыныбы жазылуы тиіс.

Бүгін мектебімізде Ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шара барысында ардақты ұстаздарымыздың еңбегі еленіп, марапаттар табысталды.
Марапаттау сәттері — ұстаздарымыздың еңбегіне деген алғыс пен құрметтің айқын көрінісі болды.
Ал мерекелік бағдарлама ұстаздарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ерекше әсер қалдырды.
Ұстаздар күні құтты болсын!
25.10.2025 Республика күніне орай мектеп-гимназияның 3”Ғ” және 3”З” сынып оқушыларымен “Менің Отаным-Қазақстан!”атты патриоттық сағат өткізілді.
Шараның мақсаты:Туған жерімізді,елімізді сүюге,еліміздің рәміздерін қадірлеуге,адалдыққа және отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Оқушылар Отан,Қазақстан туралы тақпақтарды мәнерлеп оқыды.Топтық тапсырмалар орындады.”Атамекен”әнін барлығы қосыла шырқады. Балалардың назарына тақырыптық көрме ұсынылды.

2025 жылдың 19 қыркүйегінде №31 мектеп-гимназиясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті. Іс-шараға 5 және 9-сынып оқушылары мен сынып жетекшілері қатысып, мектеп ауласын тазартты. Акция барысында оқушылар табиғатты қорғаудың маңызы туралы ой бөлісіп, жауапкершілікпен қараудың үлгісін көрсетті. 19 сентября 2025 года в №31 школе-гимназии прошла экологическая акция «Чистый Казахстан». В мероприятии приняли участие учащиеся 5-х и 9-х классов вместе с классными руководителями, очистив территорию школы. В ходе акции школьники поделились мыслями о важности защиты природы и показали пример ответственного отношения к окружающей среде

№31 мектеп-гимназиясының 8–11 сынып оқушылары арасында нашақорлық, буллинг, алаяқтық, мектептегі тәртіп, психологиялық қолдау, құқықбұзушылықтың алдын алу және басқа да зиянды әрекеттердің алдын алу мақсатында іс-шара өткізілді.

1 қыркүйек – Білім күні!
“Мектебім – мейірім мекені” атты алғашқы қоңырау мерекеміз жоғары деңгейде өтті!
Бүгінгі күн —1-сынып бүлдіршіндері үшін жаңа әлемге жасалған алғашқы қадам,
11-сынып оқушылары үшін жауапты жылдың бастауы.
Барлық оқушыларға білім жолында сәттілік, ал ұстаздар мен ата-аналарға толағай табыс тілейміз! Жаңа оқу жылы жарқын жетістіктерге толы болсын!
