19.01.2026 ж. «Заң мен тәртіп» – «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында оқушыларды заңды құрметтеуге және тәртіпке бағынуға үйрететін маңызды механизм болып табылады. Құқықтық сауаттылықты арттыру, тәртіп мәдениетін қалыптастыру және қоғамдағы моральдық әрі құқықтық тәртіпті нығайту мақсатында №31 мектеп-гимназиясында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының мазмұнына сәйкес қаңтар айы «Заң мен тәртіп» құндылығы айы болып белгіленді.

“Қысқы демалыста кітап оқимыз”
№31 мектеп-гимназия кітапханасы қысқы демалыс уақытында кітап оқу шараларын ұйымдастырды.


9.02.2026 ж. Қазақ поэзиясының Хантәңірі атанған Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толды. Ақиық ақынның мерейтойына орай 31 мектеп гимназиясының қазақ тілі және әдебиет мұғалімдері оқушылармен біріге мерекелік кеш өткізді. Театрлық қойылымдар, поэтикалық-музыкалық концерт кеші болды.

25.12.2025 Әліппемен қоштасу. Әр әріпті танып, оқуға қадам басқан бүлдіршіндерімізге алда тек сәттілік пен биік жетістіктер тілейміз!


16.02.2026 ж. 31 мектеп-гимназиясында Онкүндіктің үшінші күнінде «Өлең-сөздің патшасы»мәнерлеп оқу сайысы өтті. З-сыныптар арасында балалар ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Бүгін мектебімізде “Тәуелсіздік – тірегім, Қазақстан – жүрегім” атты мерекелік іс-шара өтті.
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні!
Бүгінгі күн – біз үшін еркіндік пен бірліктің символы.
Осы айтулы мерекеге орай ұйымдастырылған концерт ел рухын көтеріп, тәуелсіздігіміздің қадірін терең сезінуге шабыт берді

Бүгін мектебімізде МИФ онкүндігінің — математика, информатика және физика апталығының салтанатты ашылуы өтті!
Алдағы күндері, 21 қарашаға дейін, оқушыларды қызықты тапсырмалар, танымдық кездесулер мен жаңа ашылулар күтіп тұр.
Мұғалімдерді ашық сабақтар, шеберлік сыныптары және сыныптан тыс іс-шаралар өткізуге белсенді қатысуға шақырамыз.
Бұл онкүндік шығармашылық пен шабыттың, жаңа жетістіктердің кезеңі болсын!

Шын жүректен кітап сыйла 14 ақпан-Халықаралық кітап сыйлау күні, бұл кітап оқуды сүйетін және ұнататындардың мерекесі. 31 мектеп-гимназиясында бұл мерекеде оқырмандар кітапханаға кітаптар сыйлады. Жаңа,қызықты,танымдық кітап оқу-кез келген адам үшін үлкен қуаныш және кітап әрқашанда ең керемет сыйлық болып қала береді.

11.12.2025 №31 мектеп-гимназиядағы музейлік сабақ: қазақтың зергерлік өнері
Музейный урок в школе-гимназии № 31: традиции казахского ювелирного искусства

08.11.2025 В рамках недели «Безопасности дорожного движения» Заместителем командира роты Полка ПП майором полиции Жунусовым К. К.УИП ОЮП УП района «Байконыр» города Астана майором полиции Калиакпаровой Г.Т. проведена встреча с учащимися начальных классов по соблюдению правил дорожного движения и профилактика дорожно- транспортного травматизма.

